"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ТӘРБИЕ бөлімінің ұйымдастыруымен 5-8, 9-11 сынып оқушы-қыздармен жұмыс жүргізу негізінде «Қыз Жібек» қыздар ұйымының жиналысы өткізіліп, жылдық жоспар жасалынды.
Мақсаты: Мектептегі әрбір қыз баланы, ибалылық сақтауға баулу, адамгершілік, имандылық, эстетикалық тәрбие беру. «Қыз Жібек» қыздар ұйымының жоспары бекітіліп, кеңес жетекшісі, кеңес мүшелері сайланды.
Мектеп формасы туралы түсіндірілді, мектеп формасына қойылатын талаптар, сақталуы жайында ескертілді.